ТОП просматриваемых книг сайта:
Батырлар жыры. Гүлзада Қайржанқызы
.Информация о книге
Название Батырлар жыры
Год выпуска 2024
isbn
Автор произведения Гүлзада Қайржанқызы
Издательство Автор
Аннотация
Кіріспе Қысқаша мазмұны: Жиделі – Байсын деген жерде, елі Қоңырат Байбөрі деген бір бай адам болады. Оның Құлтай дейтін ағасында да, өзінде де бала болмайды. Сол Құлтайдың күңінен туған бір баланы асырап, өзіне бала етеді. Атын Ұлтан қояды. Ол өсе келе екеуіне де қорлық көрсете бастайды. Оған шыдай алмаған Байбөрі әйелі Аналық екеуі мал – мүлкінен безіп, тәңірден бала тілеп, әулиелердің моласына түнейді. Ақыры, олар Баба Түкті Шашты Әзиздің шапқатымен балалы болып, ұлының атын Алпамыс, қызының атын Қарлығаш қояды.Шекті еліндегі досы Сарыбайдың әйелі қыз тауып, атын Гүлбаршын қояды. Байбөрі Сарыбайға құда түседі. Бірақ кейін Сарыбайға «Алпамыс жалғыз, өле қалса әмеңгері Ұлтан құлға қызым қор болады – ау» деген ой келеді де, өзінің шектілерімен қалмақтың еліне көшіп кетеді. Алпамыс өскен соң бұл жайтты бір кемпірден естиді де, көп жылқысының ішінен Шұбар дөненді ұстап мініп, қалыңдығын алып келуге қалмаққа аттанады.