Скачать книгу

өткен дәуірлерге де, алдағы болашаққа да кеңістік ауыстырып, саяхат жасай аласыздар.

      – Ежелгі дәуірлерге де барып келе аламыз ба? – деді Ер қуанышын жасыра алмай, жүзі алаулап.

      – Иә, ол үшін уақыт белгілерін барғыларыңыз келген жыл, ғасыр, дәуірге қойып, картасына бойлық-ендіктері мен мекен-тұрақтарын түсіріп, туралайсыздар да, мына түймесін басып қала-сыздар. Сол мезет айнала кеңістік өзгеріп, қалаған дәуір, қалаған жерден шыға келесіздер, – деп, бәрін көз алдарында көрсетіп, түсіндіріп берді.

      – Ал, кері оралу үшін ше?

      – Онда мына көрсеткіштерді бүгінгі заманға туралайсыздар, – түймелерін басып көрсетеді. – Түсідіңіздер ме?

      – Түсіндік.

      – Онда, балалар, біз жиналайық. Ал, арман-тілектеріңізге жеті-ңіздер! Көріскенше!

      – Сіздердің де жолдарыңыз болсын! Көріскенше!

      Үркерліктер басқышпен көтеріліп кемелеріне кірді де, есіктер жабылды. Бір кезде қозғалтқыш іске қосылып, жерден баяу көтерілді де, асты-үсті жарқырап, ұршықтай шыр айналып, жұлдызды аспан-ның түнегіне бара-бара нүктедей кішірейіп сүңгіп кетті.

      – Алақай! «Тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар!..» – деді Нар Алтынсариннің екі жол өлеңін айтып.

      – Табылады!!! – деді қалған екеуі де қуана сағат ұстаған қолдар-ын жоғары көтеріп.

      – Көптеген аңсарлы тілектерімізге жететін болдық!!!

      Үшеуі күш пен жеңіс, шарапат – бірлікте дегеннің белгісі – жұдырықтарын түйістіріп, артынша түйілген қолдарын көкке көтер-ді.

      – Енді Алла қаласа, батыр бабаларымыздың заманына жорыққа шыға-тын мүмкіндігіміз бар.

      – Онда, бауырлар, жорыққа дайындалайық!

      – Жорыққа дайындалайық!!!

      ***

      Үшеуі Қарамерген жайлауындағы Жұмабай аталарының үйіне бір күн қонып, ата-әжелеріне деген сағыныштарын басып, ертеңіне олармен бірге таңғы шайға отырған. Шай үстінде Би:

      – Ата, әже, біз жыл сайын жазғы демалысымызды сіздердің жанда-рыңызда өткізіп, жылқы бағуға қолқабыс тигізуші едік қой. Бұл жолы жоспарымыз өзгеріп, жайлауға шыға алмайтынымызды ескерткелі келдік. – деді ата-әжелеріне еркелей қарап.

      – Бізге бәсіреге берген аттарыңыз – Ақбоз, Көкбоз, Тоқбоз атты мініп қайтсақ деп едік. Соған қалай қарайсыздар?

      – Иә, тай-құлын кезінен мініп өскен өздеріңнің тұлпарларың ғой. Өздері де елеңдеп, сендерді сағынғандай елегзіп, күтіп жүрген. Аттың жайын білетін жылқышы балалар емессіңдер ме, мініңдер, рұқсат, – деді аталары мейірленіп. – Бізге көмекшілікке өзге неме-релеріміз де жетеді.

      – Ой, шалым-ау, бұлардың орны бөлек емес пе? Не деп кет-тің?! – деді әжелері жік-жаппар болып. – Әне бір жылы бұл айна-лайындар ала жаздай бағып жүрген бір үйір жылқыңды түз тағы-ларына бермей, аман алып қалған жоқ па? Өзге немерелерім бұлардың орнын баспақ түгіл, тырнақтарына да татымайды, – деп, әжелері осыдан екі-үш жыл бұрынғы бір оқиғаны еске түсірді.

      – Әрине, әрине, бұл немерелерімнің орны бөлек қой. Оған дау жоқ, –

Скачать книгу