ТОП просматриваемых книг сайта:
Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы
Читать онлайн.Название Қанатты сөз – қазына. 1-кітап
Год выпуска 0
isbn 9785449876317
Автор произведения Кеңес Оразбекұлы
Жанр Мифы. Легенды. Эпос
Издательство Издательские решения
«Әрине, тұла денесіндегі түк көп», – дейді. Байдалы би сөзін жалғап: «Олай болса төре тұқымы ат төбеліндей аз. Мен жаңа тетелес інім Жәнекеңе (Бекше мен Аралбай бір әкеден, Байдалы Бекшеден, Бәйтелі Аралбайдан туған. Байдалы тетелес немере інісін Жәнекең деп еркелетіп атаған. Содан Бәйтелі аты ұмытылып, Аралбайдан тарайтын бір тайпа ел Жәнекең руы атанып кеткен): „Бауыздайын деп жатқанда лақ та бақырады ғой, бақыр“, – дедім. Ол бақырып аруақ шақырса, ұранға шаппайтын ел болмайды. Сізге қамтуыңыздағы қалың бұқара қарсы шығады. Арғысы Арғын, берісі Мейрамның бес баласы дүрліксе, хан болып тұра алмайсыз. Сондықтан адамнан адамның артықшылығы жоқ, төре тұқымына екі құн төлей алмаймыз. Бір кісінің құнын төлеуге, ол құн даулап отырған адамыңыз нағыз төре болса, талша мойнымыз қылша. Ал, бірақ Бәйтелінің жалалы болған адамы күңнен туған, түбі шикі. Сондықтан жарты құн төлейміз», – деген екен. Сонда Абылай «Сегіз биім, сегіз биімнің ішіндегі семіз биім» деп Байдалының кесіміне тоқтапты. Сол даудан кейін Байдалы «Абылай аспас сары бел» атанып кеткен екен.
«Абылай аспас сары бел» – бұл хан Абылайдың өкім, үкімі жүрмейтін жері болады дегенді, былайша айтқанда, ұлық, әкім, төрелердің де айтқаны, үкімі жүрмейтін шек бар. Сол шекте тұрсың дегенді аңғартады.
АБЫСЫН ТАТУ БОЛСА, АС КӨП,
АҒАЙЫН ТАТУ БОЛСА, АТ КӨП
Ағайынды екі жігіттің отбасы өзара тату-тәтті өмір сүріпті. Бірде «Осы тату-тәтті тұрмыстың ұйытқысы біз – ер-азаматтармыз», – деп мақтаныпты ағайындылардың кішісі әйеліне.
– Ал бізді – абысындардың еңбегін неге ескермейсің? – дейді жұбайы.
– Біз бас болсақ, сендер мойын емессіңдер ме. Ендеше бас қалай қараса, мойын да солай бұрылмай ма…
Әйелі бұған салғыласпай, өз шаруасымен жүре береді.
Бір күні олар жігіттің ағасын отбасымен қонаққа шақырады. Қой сойып, ет асып, мүше-мүшесімен дастарқанға қояды.
Ағайындылардың үлкені қойдың алдыңғы сирақтарын өз балаларына беріп, артқы сирақтарын інісінің балаларына ұсыныпты. Сонда кішісінің әйелі күйеунің құлағына: «Сирақтарды қалай бергенін көрдің бе? Алдыңғы аяқтарын – өз балаларына, артқы сирақтарын сенің балаларыңа берді. Яғни, ол өз балалары алда, озық болсын,