ТОП просматриваемых книг сайта:
Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов
Читать онлайн.Название Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0597-4
Автор произведения Коллектив авторов
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Міне, сондықтан Орталық Қазақстандағы, Сарыарқадағы Кеңгір өзен атының Кеңгер (Шумер) жерінің атымен үндес келуі тегін емес, тілдік жақындық пен тайпалардың араласып байланысуынан пайда болды деп білеміз. Жер-су аттарының халықпен бірге жасап, алда-жалда басқа жаққа қоныс аударса, өздеріне сүйікті де үйреншікті аттарды жаңғыртқан көне дәстүрі күні бүгінге дейін сақталған. Қорыта келе айтарымыз – тіл мен этностың бірегейлігін ескерсек, этностың өз ана тілін қадірлеуі әбден заңды болары хақ. Ана тіліне деген шынайы сүйіспеншілік пен құрмет халықтың сана-сезімі неғұрлым дамыған сайын, соғұрлым кемелденіп өсіп, өркендей түсудің нышаны болып табылады.
АТАУДА АЛУАН СЫР БАР
Сөз құдіретіне көңіл бөліп байқаңызшы! Алысқа бармай-ақ, күнделікті өмірдің өзінде де адамды атыстыратын да сөз, табыстыратын да сөз емес пе?! Егер әр сөздің мәні мен мазмұнына зейін қойсақ, әрбір ұғым, түсінік, таным, әсер, сезім, былайша айтқанда, қуаныш пен сүйініштің бәрі де сол бір атаулармен қабысып жатқанын қалай бүркей аласыз. Доспен табыстырып, қаспен алыстырып, махаббатпен қауыштырудың да сыры сөзде екенін есіңізге алыңызшы!
Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай-ақ, біреу сөз, біреу пішін көрсетпейтін дүниенің іші бар ма?! Ендеше, біз сөз етейік, сізбен сырласып, пікірлесейік деп отырған мәселеміздің де төркіні осы туралы. Сөздің айтылуы былайша, сөз саптауы арқылы өмірдің көңілде сәулеленіп ой мен толғам, таным мен түсініктің зейінге қануы әрі философия, әрі өмір, әрі психология, әрі тіл ғылымына айналып, біздің өмір тіршілігімізбен бірге өрілетіндігі ақиқат.
Бүгінде өзіңіз күнделікті тіршілігіңізде, іс-әрекетіңізде пайдаланып жүрген сөз бен ұғым жөнінде ойланып көрген шығарсыз. Ендеше, сөздің қалай, қашан пайда болғандығы, тіл жөнінде бірталай теориялық пайымдаулар болғаны белгілі.
Әдетте, бұл салада биологиялық та, әлеуметтік те теориялық көзқарастар бар. Былайша айтқанда, биологиялық деп отырғанымыз – дыбысқа еліктеу теориясы, көңіл күйін білдіретін одағай теориясы. Сондай-ақ әлеуметтік теорияларға жататындар – әлеуметтік шарттасу теориясы (сөз адамдардың келісімі, шарттасуы барысында пайда болады-мыс дейтін көзқарастағы теория), еңбек айқайы теориясы, Н.Я. Марр ұсынған «Еңбек – магиялық әрекет» теориясы және т.б. Бұл проблеманы шешуде марксизм классиктерінің ұсынған пайымдауларына сүйенсек, ең алдымен, Ф. Энгельстің «Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі» деген шығармасын атап өткен жөн. Онда тіл мен сананың пайда болуының ең басты себебі – адамдардың қоғамдағы еңбек әрекеті екені көрсетілген. Демек, сөйлеу мен ойлау әрекетінің биологиялық алғышарттарын да жоққа шығармастан, тілдің пайда болуындағы әлеуметтік фактордың басты негіз екенін ескеруімізге тура