Скачать книгу

сияқты көптеген проблемалар қызықтырады екен. Оның үстіне Чүн Ин қазақ тіліне деген зеректігімен ғана тынбай, осы тілде ойлы да мәнерлі сөйлеуге әбден дағдыланғандығы да таңдаңдырады. Әсіресе, оның тілге деген әдепті әрекеті, биязы мінезі, инабаттылығы, зерттеушіге тән өнегелі қылықтары бізге ерекше көрінді.

      Пекиндегі ғалымдармен кездескенімізде Іле-Қазақ автономиялы облысының екі жерінен көне түркі руникалық жазу ескерткішінің табылғанын зор қуанышпен естідім. Олардың айтуынша, Алтай аймағынан қытайша және көне түркіше жазуы бар үлкен құлпытас, ал Іле аймағынан сыртына руникалық жазу ойылған қола бұйым табылған көрінеді. Ол Құлжадағы мұражайға тапсырылды деседі. Көне түркі тілі мен жазуының маманы болғандықтан, осы сияқты жазу ескерткіштерін көзбен көріп, жан-жақты тексеріп, зерттеу нәтижесін жарияласам ба екен деп үміттендім.

      Пекин университетіне ғылыми сапармен келген мен Шыңжаң университеті мен Шыңжаң Қоғамдық ғылымдар академиясына жолдама алып, жүрдек пойызбен үш күнде Пекиннен Үрімжі қаласына жеттім. Ондағы ғалымдармен, педагог-ұстаздармен, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районның үкімет жанындағы қызметкерлерімен кездескенімде осы ниетімді ашықтан-ашық айтып, қолғабыс жасауларын өтінген едім. Өкінішке орай, екі елдің арасындағы қарым-қатынастың ескілік сарқыншақтары, бұрынғыша ойлау кесірінен, ортақолды кеңсе бюрократтарының жасаған кедергісінен, қазақтын үш аймағы – Іле, Тарбағатай, Алтайға да, ұйғырдың Турфан, Ақсу, Қашғар аймақтарына да бара алмадым. Бұл жолы Шығыс Түркістан жеріндегі көне жазу ескерткіштерін, халықтың асыл мұрасын, тілі мен мәдениетін мейлінше зерттеуге мүмкіншілік болмады. Үрімжіден Пекинге қайтқан кезімде ойлаған мақсаттарыма жете алмағаныма қатты өкіндім. Дегенмен бүгін болмағанымен күні ертең ондай жақсылықтың боларына сенімім мол.

      Көршілес өлке Шыңжаңдағы түркітанушы ғалымдардың бір тобы Қоғамдық ғылымдар академиясының Тіл, Әдебиет, Тарих институттарында қызмет атқарып жүр. Олардың соңғы жылдары түркітануға қосқан үлестері – Махмұд Қашғаридың даңқты сөздігі мен Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастанының қазіргі ұйғыр тіліне аударылған басылымдары, екі томдық «Шыңжаң тарихы», «Қазақтың қысқаша тарихы» (оны жазған қазақтың белгілі профессоры Нығмет Мыңжанұлымен кездесіп, сыр шертіскен едік), көлемді «Ханзуша-қазақша сөздік», т.б. Көне ұйғыр жазба ескерткіштерімен шұғылданатын Абдуқаим Хожа, Исраил Юсуп, Долқун Қамбар деген ұйғыр ғалымдарымен (Үрімжідегі тарихи-өлкетану мұражайы), Ли Цзинвей есімді қытай әріптесіммен танысып, алдағы зерттеулер туралы ой бөлістік.

      Тәуелсіз Қазақстан мен Қытай елінің ғылыми, мәдени байланыстары кеңейе түсуімен түркітану саласында ортақ зерттеулер жүргізілсе, қомақты табыс пен игі нәтижеге қол жеткізуіміз сөзсіз.

Аманжолов С. Түркі филологиясының негіздері.– Алматы: Мектеп, 2012. – 19-26 б.

      БАУЫРЛАС ЕЛДІҢ БАУЫРМАЛ ҚҰШАҒЫ

      Ақ Еділ бойындағы бауырлас Башқұрт еліне осы кезге дейін үш дүркін барып қайтқан

Скачать книгу