Скачать книгу

далану және оларды қорғау мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуі керек.

      Қазіргі таңда заман талабына сай жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілде білім алатын студенттер мен магистрантар саны жылдан-жылға артуда. Оларды сапалы оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз ету кешіктірмей қолға алатын жұмыстардың негізгісі (бастысы) болып табылады. Еліміздің бірнеше (5-6) жоғары оқу орындарында Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандығы бойынша студенттер мен магистранттар білім алуда. Бұларға осы мамандыққа сәйкес оқылатын негізгі әрі міндетті пәндердің бірі – Гидробиология пәні. Бұл пән Жалпы гидробиология, Арнаулы гидробиология және Санитарлық гидробиология деп оқытылады. Өкінішке орай, осы пәндер бойынша мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу құралдары өте аз. Мүлдем жоқ деп айта алмаймыз, өйткені аймақтық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мамандары жазған оқу құралдары болуы мүмкін, бірақ олар сол оқу орнынан ары қарай, сол аймақтан сыртқа шыға алмайтын болуы керек (қандай себебі бары бізге белгісіз). Осыған орай, осындай олқылықтың орнын толтыру үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары осы пәндерді оқытудағы көп жылғы тәжірибелеріне сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген пәндердің біреуі бойынша (Жалпы гидробиология) жазылған оқу құралын ұсынып отыр.

      Гидробиология – тұщы және мұхит суларындағы тіршіліктің барлық көріністерін зерттейтін ғылыми пән. Сонымен қатар ол қолданбалы мәселелермен де (биогигиена, сумен жабдықтау, суды биологиялық жолмен тазалау және т.т.) айналысады. Осыған орай, оқу құралын жазуда авторлар өздерінің жеке тәжірибелеріне ғана сүйеніп қоймай, гидробиология ғылымының жаңа жетістіктеріне және жақын әрі алыс шетелдерде жарық көрген түрлі әдебиеттерге де сүйенді. Оқу құралы тек теориялық қана емес, сонымен қатар практикалық мәселелерде, атап айтқанда осы пән бойынша тест сұрақтары, зертханалық сабақтарды орындауға нұсқаулар, өз бетінше дайындайтын тақырыптар да және т.т. қарастырылған. Бұлардың барлығы студенттің сапалы білім алуына әрі білікті маман болуына көмегін тигізетіні сөзсіз. Студент оқу құралымен жұмыс жасауы керек, сондықтан да ол білім алу үшін қызық болуы керек, оқылуы әрі меңгерілуі тиіс. Білім алушыға жолсерік болып, ол жатталмауы тиіс және дәрістер жиынтығы болмауы керек. Бұл қазіргі күн талабынан туатын қажеттілік және казіргі білім алу жүйесі студентке өз бетінше көп дайындалуды қажет етеді.

      Оқу құралы балық шаруашылығы, биология, экология және ауылшаруашылығы салалары бойынша білім алатын студенттерге, магистранттарға және осы пәнге қызығушылық танытатын басқа да оқырмандарға арналған.

      Оқу құралында пайдаланған түрлі схемалар мен суреттер оқулықтық соңында көрсетілген әдебиет көздерінен және интернет сайттарынан алынды.

      Оқу құралы жайында пікір-тілектерін білдіреміз деген азаматтарға алдын ала үлкен рахметімізді айтамыз және мекен-жайымызды көрсетеміз: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы.

Электронды пошта – E-mail: [email protected]Баян Минсаринова, Бірлікбай Есжанов

      КІРІСПЕ

      Гидробиология (грек. hydor – су, bios – тіршілік, logos – ілім, ғылым) – кешенді биологиялық ғылым, ол су экожүйелері және олардың құрамдас бөліктерін зерттейтін экологияның бір бөлімі. Гидробиология дамуының алғашқы этаптарында су организмдерінің (гидробионттардың) қауымдастықтарының түрлік құрамын және олардың мекендеу жағдайына байланысты орналасуын зерттеді. Бертінде гидробиологияның зерттейтін саласы су экожүйелеріндегі биологиялық процестер және оларды түсінуге қажетті гидробионттардың қызметтерінің (өсу, қоректену, зат алмасу және т.б.) ерекшеліктері болды.

      Гидробиологияның теориялық міндеттері біршама мәселелерді қамтиды. Олардың бастылары: халықты балық өнімдерімен көптеп қамтамасыз ету үшін суқоймаларының биологиялық өнімділігін зерттеу; әлемдік мұхиттағы планктон мен бентостың өнімділігін анықтау үшін оларды картаға түсіру, сонымен қатар көлдердің биологиялық типологиясын жасау және суқоймаларының эвтрофикацияға ұшырау себептерін зерттеу; қорек ретінде пайдаланылатын омыртқасыздар және балықтарды жерсіндірудің биологиялық негіздемелерін дайындау және ластанған сулардың биоиндикациясы бойынша мәліметтер жинақтау және т.т.

      Гидробиологияның қолданбалы міндеттері – тұщы және теңіз суларының биологиялық ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми негіздемелерін дайындау, аквакультураны кең көлемде дамыту, су ағындарын реттеу мен оларды бұрудың зардаптарын және таза су мәселелерін зерттеу болып табылады.

      Су экожүйелерін шаруашылықта пайдалану гидробиологияны санитарлық (таза су мәселесін зерттеумен айналысады), техникалық (гидроқұрылымдардың қапталуына қарсы күрес шараларын дайындау) және кәсіптік (кәсіптік жолмен ауланатын организмдерді, балықтар мен басқа гидробионттардың қорек базасын зерттейді) деп бөлуге алып келді. Экологиялық зерттеулер мен әдістемелер басты орын алатын кешенді ғылым саласы болғандықтан гидробиология гидрологиямен, гидрохимиямен, сол сияқты ботаника (мысалы, альгология) және зоология (ихтиология және т.б.) пәндерімен

Скачать книгу