Скачать книгу

қстан мен Иран бір-біріне тек Каспий теңізі арқылы ғана емес, мыңдаған жылғы саяси тарих пен мидай араласқан мәдени қатпарлар арқылы да жақын. Бұл жақындық бірде аласапыран жаугершілік жағдайда орнаса, кейде өзара жымдасқан, тығыз өріле байланысқан мәдениет арқылы өрбіді.

      Қазақ тіліндегі «наурыз», «астана», «сенбі», «жеке» (парсыша йек – бір), «гүл» (түркіше «шешек») сияқты мен мұндалап тұрған парсы сөздерін былай қойғанда «көмек» (парсыша комак), «мықты» (мих – шеге) сияқты шығу тегі қай тілге жататын күмәнді, ортақ сөздердің болуы қазақ-парсы қатынасы өз бастауын, ортақ аймақта бейбіт-қатар өмір сүрген ерте кезеңдерден алатынына көз жеткізесің.

      Осы орайда орта ғасырлар мен қазiргi заманымыз аралығында бiрнеше ғасырлар өтiп, сол дәуiрлердегi тарихи оқиғалар мен саяси үрдiстер ауылы алыстағанмен, олардың салдарларының қазіргі кездегі әсері әлi де аса маңызды. VІ-ХІV ғасырларда Орталық Азия мен Қазақстанның кең-байтақ территориясын мекендеген түрлі түркi тайпаларының иран тілдес отырықшы мәдени территорияны жаулап алуы да осы аймақтың саяси-экономикалық, мәдени өмiрiне айтарлықтай әсер қалдырды. Ирандағы жергiлiктi бытыраңқы мемлекеттердi бiр орталыққа бағындырған түркiлер ең алдымен, араб жаулап алуының нәтижесiнде мұсылман әлемiнде орын алып, кейiн қайта үзiлген интеграциялық процестердi одан әрi қайта жалғастырды. Мұсылман әлемiнде өз мемлекеттерiн құрған түркiлер, халифат билеушiлерiнiң дiн бұзарлығы және оның қол астындағы халықтың әлеуметтiк-саяси ахуалына терiс әсер етуi салдарынан рухани наразылықтар ретiнде пайда болған әртүрлi дiни ағымдардың саяси әрекетiне тосқауыл болды. Селжүктердiң жаулап алулары қарсаңында исламның негiзгi мұраттарынан алшақтаған дiни ағымдар күш алып, тiптi өз антиисламдық идеяларын ту еткен мемлекеттер (карматтар, исмайлшылар) құрған болатын.

      Сонымен бiрге түркiлер ислам мемлекетiнiң сыртқы жаулары – Византия империясы, крестшiлер, шығыстағы христиандар тiрегi – грузин-армян патшаларының халифат иелiгiне ауық-ауық ұйымдастырып отырған әскери жорықтарының бетiн қайтарып, ислам әлемiн сыртқы жаулардан қорғаушылар рөлiне де ие болды.

      Ирандағы ХІІІ-ХІV ғасырларда түркi-моңғол көшпендiлерi орнатқан Ильхан-Хулагулер билiгi де ислам интеграциясының дамуына, ислам құндылықтарының сақталуына, мұсылман әлемiнiң бiртұтастығының берiктiгiне айтарлықтай әсер еттi.

      Алайда нақты тарихи дәлелдерге қарамастан осы мәселенi зерттеушiлердiң пiкiрлерiндегi бiрауыздылықтың болмауынан әлi де түркiлер мұсылман әлемiнiң саяси-мәдени тарихында өздерiне лайықты орнын ала алмай отыр. Кеңестiк дәуiрде негiзi қаланған исламға терiс көзқарас осы түркiлердiң бүгiнгi ұрпақтарын дүниежүзiлiк ислам өркениетi мұраларынан қол үздiруге итермеледi.

      Тәуелсiздiкке қол жеткiзумен халқымыздың мәдени мұраларын жинақтап, зерттеудiң оңтайлы мүмкiндiгiне ие болып отырғанымыз шындық. Тарихымыздың зерттелмей, күмәнді мәселелерге өзек болған тұстары да аз емес. Әсiресе кеңестiк идеология әсерiнен халқымыздың ортағасырлық тарихы тар шеңбердегi зерттеу объектiсiне айналып, ортақ түркi бабаларымыздың мекен ету аймағынан тысқары жерлердегі тарихы жете зерттелмедi. Осы орайда халқымыздың мәдениетi мен өркениетiне қатысты осындай мұралардың денiн олар билiк құрған Иран мен ислам әлемiнде молынан кездестiрiп отырмыз. Дегенмен бұл мұраларға ортақтығымызды бiлдiрiп, иемдену оларды терең зерттеусiз мүмкiн емес. Осы кезге дейiн түркiлер өркениетiне, оның iшiнде түркiлердiң тарихи отандарынан тыс аймақтарда түркiлер жасаған мәдениетке қомсына қараушылық үрдiсi басым болып, түркiлерге тек басқа дайын мәдениеттердi тұтынушылар ғана ретiнде қарап, олар билiк құрған аймақтардағы мәдениетке түркiлер қосқан үлестер де зерттелiп, өз бағасын алмады. Егемендiкке қол жеткiзумен, тарихи-мәдени мұраларды түгендеу тұсында барша түркi халықтарының ортақ ата-бабаларының жасаған мәдени мұраларын зерттеу аса өзектi мемлекеттiк-идеологиялық маңызы бар мәселелер болып отыр. Мiне, сондықтан да Түркiстан даласында пайда болған көшпелiлердiң материалдық мәдениет нұсқаларының, мәдени құндылықтары мен дүниетанымдық мұраларының жекелеген элементтерiнiң олардың өздерiмен басып алынған жерлерге, оның iшiнде Иранға енуiн көрсету – өз өзектiлiгi мен маңыздылығын жоғалтпай отырған мәселелер.

      Мәселеге қатысты тұжырымдар жасап, дәлелдеу сол дәуiрлердегi түркiлердiң дүниетанымына терең талдау жасаусыз күрделi болып қала бередi. Осы орайда, зерттеушiлер тарапынан жеткiлiктi түрде зерттелмей, назардан тыс қалған түркiлер дүниетанымының ислам дiнiмен рухани байланысы арқылы түркiлердiң ислам өркениетi мен тарихындағы алар орнын анықтау жұмыстың негiзгi мақсаттарының бiрi болып табылады.

      ХІ-ХІV ғасырларда Ирандағы түркiлiк мемлекеттердiң негiзiн қалаушы түркiлердiң осы аймақтағы саяси, дiни және мәдени маңызына арналған бiршама зерттеулер бар. Өкiнiшке орай, бұл зерттеулер түрлi себептерге байланысты сыңаржақ сипатта болып, мәселенiң шынайы шешiлуiне көп үлес қоса алмады. Мұның басты себебi, бiрiншiден, олар деректiк негiз ретiнде қарастырған материалдар авторлары – ортағасырлық араб-парсы тарихшыларының денiнiң түркiлерге қатыстының барлығына терiс көзқарасы болса, екiншiден, әлемдiк тарих ғылымындағы еуроцентристiк үрдiс те ортағасырлық түркiлер маңызының төмендетiлуiне себепшi болды.

      Жалпы, түркiлерге, көшпенділерге деген парсы тарихшыла-рының

Скачать книгу