Скачать книгу

мен шектеуліктерін түсіндіру керек.

      Үлгіні жаңарту. Үлгіні қолдану сәтті жүрсе де, ол бәрібір жаңартуды қажет етеді. Басшылық шығыс ақпарат нысанының түсініксіздігін байқауы немесе ақпаратты толықтыру қажеттілігін тұжырымдау мүмкін. Егер ұйым мақсаттарының өзгеруі шешімдерді қабылдау критерийлеріне әсер тигізетін болса, онда үлгіні өзгертіп түрлендіру қажет. Дәл осылай, сыртқы ортадағы өзгерістер, мысалы жаңа тұтынушылардың, жеткізушілердің немесе технологиялардың пайда болуы, үлгі құрылу барысында қолданылған бастапқы ақпаратты құнсыздандыруы мүмкін.

      Шешім бағдарланатын немесе бағдарлануға жатпайтындығына тәуелсіз, менеджердің шешім қабылдаудың классикалық, әкімшілдік немесе саяси үлгілерін таңдауына тәуелсіз шешімді қабылдау процесі алты кезеңнен тұрады (сурет 3 қара):

      3-сурет. Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінің негізгікезеңдері

      Шешімдерді қабылдау әдістері. Басқаруда қолданылатын шешімдерді қабылдау әдістерінің кез келгенін техникалық тұрғыдан үлгілеудің түрі деп қарастыруға болады. Бірақ, дәстүрге сай үлгі термині жоғарыда аталған жалпы сипаттамадағы әдістерге және оның көптеген спецификалық түрлеріне қатысты ғана қолданылады. Үлгілеуге қосымша жетекшіге мақсатына жетуге көмектесетін шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін бірнеше әдістер бар. бұл бөлімнің тақырыбына төлем матрицасы және шешімдер ағашы жатқызылады. Бұл әдістерді қолдануды жеңілдету мақсатында және қабылданатын шешімдердің сапасын арттыру үшін басқарушылар болжауды пайдаланады. Болжаудың кең таралған әдістері келесі бөлімде қарастырылған. Біздің мақсатымыз – бұл құралдарды қолдануға емес, оларды түсінуге баулу.

      Үлгілеудің жалпы мәселелері.

      Басқа әдістер мен тәсілдер сияқты, басқару ғылымының үлгілері де қателіктерге әкелуі мүмкін. Үлгінің тиімділігі потенциалды ақаулықтар қатарымен төмендетілуі мүмкін. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны – дәл емес бастапқы ақпарат, қажетті мәліметті алу мүмкіндігінің шектеулілігі, тұтынушының қорқынышы, тәжірибедегі аз қолдану, тым жоғары құн.

      Дәл емес бастапқы ақпарат. Кез келген үлгі кейбір бастапқы ақпаратқа немесе алғышарттарға сүйенеді. Бұл бағалауға бейім алғышарттар болуы мүмкін, мысалы, жұмыс күшіне келесі алты ай ішіндегі шығын 200 мың долларды құрайтыны туралы. Осындай мәліметті объективті түрде тексеріп, есептеуге болады. Оның дәл болу ықтималдылығы зор. Кейбір алғышарттар бағалауға жатпайды және оларды объективті түрде тексеру мүмкін емес. Алдағы жылда сату көлемі 10 % өсетіні туралы тұжырым – тексеруге жатпайтын мәлімет. Оның болар болмасын ешкім білмейді. Осындай алғышарттар үлгінің негізі болғандықтан, соңғының дәлдігі алғышарттардың дәлдігіне тәуелді. Үлгіні қорда қажеттілікті болжау мақсатында қолдану сату болжамдары туралы дәл ақпаратсыз мүмкін емес.

      Ақпараттық шектеуліктер. Алғышарттардың дәл болмауының және басқа да қиыншылықтардың

Скачать книгу