Скачать книгу

фунты, В реагентінің 11/4 фунты, С реагентінің 11/2 фунты, жабдық жұмысының 1/6 сағат уақыты жұмсалады.

      1, 2, 3 типті бояулардың 1 галлонының сатылуынан түсетін таза пайда сәйкестігінше 0,80, 0,65, 1,25 доллар.

      Тапсырма 5-суретте бейнеленген:

      5-сурет. Сызықтық бағдарламалау үлгісі

      Сызықтық бағдарламалау үлгісін қолданып, реагенттердің қорлары, жұмыс уақыты, пайдасы белгілі болғанда, басқарушы қандай бояудың қандай мөлшерін өндіруді қажет ететінін анықтай алады. Осындай үлгісіз, салыстырмалы жай жағдайларда да ұтымдылықты шешімді қабылдау қиынға соғар.

      Ұқсастырып үлгілеу. Жоғарыда келтірілген үлгілердің барлығы еліктеуді сөздің кең шеңберіндегі мағынасында қолдануды талап етеді, өйткені ол нақтылықты ауыстырмалары болып табылады. Сонда да, үлгі ретінде ұқсастырыпүлгілеу үлгіні құрып, оны тәжірибелік мақсатта нақты жағдайдың өзгеруін анықтау үшін қолданылады.

      Н. Пол Лумба атап өткендей: «Ұқсастырудың негізгі идеясы белгілі бір құралды нақты жүйеге еліктеу үшін пайдаланып, ол арқылы жүйенің қасиеттерін, құлығын, сипаттамасын зерттеп түсіну».

      Аэродинамикалық құбыр – құрылып шығарылатын ұшақтар мен автомобильдердің сипаттамасын тексеру үшін қолданылатын көзге көрінетін еліктеу үлгісі болып табылады. Өндіріс немесе қаржы салаларының мамандары жаңа технологиялар қолданудың немесе жұмыс күшінің құрамы өзгеруі нәтижесінде табыстың немесе өнімділіктің күтілетін өсуін ұқсастыратын үлгіні жете зерттеп құрып шығаруы мүмкін. Маркетинг маманы өнім жарнамасының немесе бағалардың өзгеруі нәтижесінде күтілетін сауда көлеміне еліктеу үлгілерін құра алады. Бизнес бойынша осы және алдағы курстарда сіздер өзіңіздің шешім қабылдау қабілетіңізді күрделі компьютерленген еліктеуіш іскер ойынында жетілдіре алатын боласыз.

      Еліктеу сызықтық бағдарламалау типі сияқты математикалық әдістер үшін өте күрделі жағдайларда қолданылады. Бұл өзгермелілердің санының көп болуына байланысты, математикалық сараптаудың күрделілігі өзгермелілер мен белгісіздік деңгейінің байланысына тәуелді болады.

      Сызықтық бағдарламалау бірнеше өзгермелілері бар тапсырмаларды, мысалы, жоғарыда келтірілген бояу туралы есепті, шешуге арналған.

      Сонымен, еліктеу немесе ұқсастыру – бұл үлгіні нақты жүйенің немесе табиғи прототиптің орнына қоюдың өте тиімді тәсілі. Клод МакМаллан және Ричард Ф. Гонзалес жазғандай: «Нақты немесе прототипті жүйелерге тәжірибе жасау қымбат және ұзаққа созылады, ал релевантты өзгермелілер кейбір жағдайда ғана реттеуге жатады».

      Жүйе үлгісіне тәжірибе жасау барысында, бұл жүйені нақты өмірде бақылау мүмкіндігі болмаған жағдайда, оның белгілі бір өзгерістерге немесе жағдайларға бейімділігін бақылауға болады. Егер еліктеу үлгісі пайдаланылған тәжірибе нәтижесі өзгерістердің жақсылыққа әкелетінін көрсетсе, басқарушы бұл өзгерісті нақты өмірде қолданылу туралы шешімді қобалжымай қабылдай алады.

      Экономикалық сараптау. Көптеген басқарушылар еліктеуді

Скачать книгу