ТОП просматриваемых книг сайта:
Инвестициялық жобаларды басқарудың теориясы мен əдістемесі. Қарлығаш Мұхтарова
Читать онлайн.Название Инвестициялық жобаларды басқарудың теориясы мен əдістемесі
Год выпуска 2012
isbn 978-601-247-551-7
Автор произведения Қарлығаш Мұхтарова
Жанр Управление, подбор персонала
Издательство КазНУ
Бүгінгі таңда ұйымның жетілу моделі бойынша көптеген зерттеулер бар. Олардың ішіндегі жобаның ұйымдастырушылық жетілу моделі (ЖҰЖМ) жобаларды басқарудағы жан-жақты амалдарды қамтитын стандарт (Organizational Project Management Maturity Model) және ол өз кезегінде үш өзара байланысқан элементтерден тұрады:
– білім (knowledge) ЖБ ұйымдастырушылық жетілуінің әртүрлі деңгейі бойынша жобаларды басқарудың жүздеген үздік практикаларының жиынтығы болып табылады;
– бағалау (assessment) ұйымдардың жетілу жағдайын бағалап, оларды жақсарту салаларын анықтауға көмектеседі;
– жақсарту (improvement) ұйымға оның стратегиялық мақсаттарын максималды нәтижелі түрде іске асыруға мүмкіндік беретін жобаларды басқарудың даму картасын құрастыруға көмектеседі.
Жобаны басқаруды ұйымдастыруды
– біріншіден, бір нәрсені тәртіпке келтіру, жөндеу, құру, жүйеге келтіру;
– екіншіден, біртұтас нәрсенің бөлшектерін құрастыру, өзара байланыстыру, қатынастыру, өзара орнықтыру;
– үшіншіден, біртұтастылық (мысалы, өнеркәсіп, кәсіпорын, т.б.) деп түсіну керек.
Жобаны басқаруды ұйымдастыру – ол жобаны басқару жүйесін құрып, оны қажетті тәртіпке, жоба элементтерінің өзара қатынасу бірлігіне, басқару процесін нәтижелі жұмыс істеу режиміне келтіріп, оның осы қалыпта жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Басқа сөзбен айтқанда, жобаны басқаруды ұйымдастыру ұғымын жобаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жобаны басқару жүйесінің жеке бөлімдерінің бірігуі деп түсіну керек.
Жобаларды басқарудың ұйъшдастырушылъщ сызбаларын қарастырайық. Жобаны іске асырудың кестелік матрица түріндегі моделі (1-суретті қараңыз).
1-сурет. Уақыт шығындары бойынша жобаны басқарудың кестелік матрица моделі
Кестелік матрица құрамына анық белгіленген тапсырмалар бойынша жүргізілетін нақты жұмыстар құрылымы кіреді. Бірінші кезеңде басқару аппаратының әрекетінсіз жүзеге асырыла алмайтын өндірістік операциялар айқындалады (2-суретті қараңыз).
Осындай тапсырмалардың қатынасы төртінші блоктан біріншіге барып түседі. Бұл түзіліс арқылы басқаруды қажет ететін өндірістік тапсырмалар түседі. Басқарушылық тапсырмалар құрылу процесі басталады, әр өндірістік тапсырма осында өзінің басқарушылық тапсырмаларын қабылдайды, олардың қатынасы жобаны басқару мазмұнының бірінші және көлемі бойынша негізгі бөлімін құрайды. Басқару мазмұнының екінші бөлімін жоба талаптарынан туындамайтын, бірақ қоғам үшін маңызды тапсырмалар құрайды, мысалы, әлеуметтік, экологиялық, есептік тапсырмалар.
2-сурет. Анық белгіленген тапсырмалар бойынша жобаларды басқарудың кестелік матрицасы
Бірінші блоктың нәтижесі басқармалық тапсырмаларды кеңістікте орнықтыру матрицасы болып табылады. Бұл блок белгілі бір жобаның құрылымдық бөлімшелері арасында басқарушылық тапсырмаларды бөліп таратады.
Екінші блок – бұл әртүрлі нормативтік актілерді есепке ала отырып құрылған жобаның басқару