ТОП просматриваемых книг сайта:
Институционалды экономика. Ғалия Даулиева
Читать онлайн.Название Институционалды экономика
Год выпуска 2015
isbn 978-601-04-1559-1
Автор произведения Ғалия Даулиева
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Институционалды экономика маржиналды және тепе-теңдік талдау әдістерінен бас тартып, эволюциялық-әлеуметтану әдістерін кең қолданады. Экономиканы үнемі сыртқы ортаның әсерінде болатын эволюциялық ашық жүйе ретінде талдайды.
1.2. «Ескі» және «жаңа» институционализмнің әдістемелік ерекшеліктері
Сонымен, «ескі» институционализм экономикалық ағым ретінде ХІХ-ХХ ғасырлар кезеңінде пайда болды. Ол Даниэль Фридрих Лист, Густав Фон Шмоллер, Луйо Брентано, Карл Бюхер ірі өкілдері болып табылатын экономикалық теорияның тарихи бағыттарымен тығыз байланысты болды.
Институционализмнің дамуынан бері қарай оған әлеуметтік қадағалау мен қоғамның араласу идеясы тән еді, яғни басты назарда экономикалық үрдістегі мемлекет болды. Бұл қоғамдық байлыққа экономиканы қатаң мемлекеттік реттеу арқылы жетуге болады деген пікірді ұстануымен қатар экономикадағы тұрақты байланыстар мен заңнамалардың барын жоққа шығарған тарихи мектеп өкілдерінің ізбасарлары болып табылады.
«Ескі» институционализмнің көрнекті өкілдеріне Торстейн Веблен, Джон Коммонс, Уэсли Митчелл, Джон Кеннет Гэлбрейт жатады. Бұл аталған экономистердің еңбектеріндегі маңызды мәселелерге қарамастан, олар ортақ зерттеу жұмысын жаза алмады. Рональд Гарри Коуз атап өткендей, америкалық институционалистердің еңбектері ешқандай нәтиже бермеді, өйткені ол жерде материал көлемін сипаттайтын нақты теория болмады.
Ескі институционализм «қатаң неоклассика ядросын» құрайтын ережелерді сынға алды. Оның ішінде, Т. Веблен экономикалық агенттердің мінез-құлқын түсіндіретін негізгі максимизациялау қағидасы мен ұтымдылық концепциясын жоққа шығарды. Талдау объектісі болып институттармен тапсырылатын мүмкіндіктері шектелген ортадағы адамдардың арақатынасы емес институттардың өздері табылады.
Сондай-ақ ескі институционалистердің еңбектері экономикалық мәселелерге ұсынылған статистикалық, құқықтық, әлеуметтік зерттеулердің жалғасы бола отырып, маңызды аралық тәртіптілікпен ерекшеленеді.
Веблен неоклассикалық теория статикалық талдау, тепе-теңдіктің гипотетикалық сызбасы төңірегінде ғана тұйықталған теория екендігін көрсетті. Неоклассиктер адамды көбіне қолда бар ресурстарды пайдаланудан алынатын жалпы тиімділікті барынша арттыру мақсатында қандай да болмасын игіліктің пайдалылылығын тез арада анықтаушы идеалды есептегіш құрылғы ретінде көрсетеді. Бірақ, Веблен бойынша, адамдардың экономикалық мінез-құлқы анағұрлым