ТОП просматриваемых книг сайта:
Экономикалық ілімдер тарихы. Коллектив авторов
Читать онлайн.Название Экономикалық ілімдер тарихы
Год выпуска 2013
isbn 978-601-247-814-3
Автор произведения Коллектив авторов
Жанр Экономика
Издательство КазНУ
Мемлекеттің экономикалық мақсаттылығын талқылай отырып, ойшыл мемлекет басшысының қызметін анықтайды: тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыру, оларды жаулардан қорғау, өзін тек ең қажеттімен шектеу.
Әл-Фараби басқарудың екі түрін бөліп қарастырған. Біріншісі, адамның «біреуді басқарып және біреуге бағынуы» және «басқа бір адамға жетекшілік ету». Жетекшіліктің екінші түрі қоғамдық шаруашылықтың жеке салаларында және сондай-ақ, «бүкіл адамзатқа қатысты» болуы мүмкін, яғни, қала, қауым, мемлекет басшылары. Басты жетекшінің қажетті қызметі жетекшілік деңгейін анықтау, әрбір деңгейдегі жетекшілердің арақатынасының тәртібі мен олардың бір ізділігін анықтау болып табылады5. Ойшыл адамдарды басқару туралы ілім ретінде «полития» идеясын ұсынды. ӘлФараби Таяу Шығыс және Орталық Азияның ғылыми әдебиеттерінде ең алғаш басқару үрдісін күрделі, көп қырлы үрдіс ретінде көрсетуге тырысты.
Әбу Райхан Бируни (973-1037) Орта Азия аумағында алғаш болып ақшаның шығуын зерттеді. «Геодезия» еңбегінде ол әр адам бөлікке бөлінетін, арттырғанда қосылатын, жеке алғанда өлшенбейтін қажеттілік заттары мен жұмыстары арасында пропорционал қатынасты көрсете білетіндей затқа мұқтаж болды. Осыған байланысты адамдар бағалар мен баламаларға келісті, олардың қатарына балқымалы металдар, бағалы тастар жатады, олар сирек кездеседі, ұзақ пайдаланылады және түрі әдемі деп атап өтті6.
Ақшаның қызметіне талдау жасай отырып, ғалым құн өлшемі мен жинақтау құралдарының қызметін бөліп көрсетті. Мемлекет қазынасында ақша жинау мемлекет қызметін орындау үшін, атап айтқанда ғалымдар мен ғылымды дамыту үшін оларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Әбу Әл Ибн Сина (980-1037) – ұлы ғалым энциклопедист, философ, дәрігер, барлық әлемге Авиценна деп танылған ойшыл. Өзінің әлеуметтік-экономикалық көзқарастарын «Әділеттілік кітабы», «Үй шаруашылығын жүргізу туралы трактат», «Емдеу кітабы», «Өсиеттер мен нұсқамалар кітабы», «Білімдер кітабы» сияқты еңбектерінде жазған. Өз еңбектерінде Бұқарадан шыққан ұлы ойшыл еркін ойлау, рационалды мінез-құлық және пайымдау принциптерін қорғайды, ғылыми терминология жасау мәселесін көтереді. Ибн Сина Орталық Азияда бірінші болып кірістер мен шығыстардың балансын отбасы, қала және мемлекет
4
Әл-Фараби. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат// Экономика.Әлемдік классика,10 томдық. Т.1. – А., 2006. – 206 б.
5
6