ТОП просматриваемых книг сайта:
Адвокатпен сұхбат. Тайыр Күзекұлы Назханов
Читать онлайн.Название Адвокатпен сұхбат
Год выпуска 2020
isbn
Автор произведения Тайыр Күзекұлы Назханов
Жанр Юриспруденция, право
Издательство Автор
ДАНИЯЛ – Кінә туралы шешімді сот емес, алқабилер шешеді ме?
ТАЙЫР – Сіз ең маңыздысын түсіндіңіз. Алқабилер бір-бірімен жа- бық есік жағдайында кеңеседі, біздегідей судья ол жаққа кірмейді. Сөй- тіп, олар сотталушының кінәлі немесе кінәсіз екендігі туралы шешімді шығарады. Егер олардың үкімі «кінәсіз» болса, онда судья тек тиісті үкімді шығарады.
ДАНИЯЛ – Ал, егер олар сотталушының кінәлі екендігі туралы шешім қабылдаса ше?
ТАЙЫР – Онда, сол кезде судья нақты жазаны тағайындайды. Яғни, қазылар алқасы мен судьяның қызметі әртүрлі. Алқабилер бұл фак- тінің өзі болған-болмағанын талқылап, шешім қабылдайды. Судья заң мәселесін қарастырады, яғни заң бойынша осы факттен не шығатынын анықтайды?
ДАНИЯЛ – Қарапайым тілмен айтқанда, ресми түрде қылмыскер деп танылған адамды қанша жыл немесе қанша айға қамау керектігін бе?
ТАЙЫР – Міндетті түрде қамауға алу емес. Ол басқа жаза тағай- ындай алады – қоғамдық жұмыстар немесе түрме мерзімінен жеңілірек басқа нәрсе. Бірақ судьяның ең маңызды мәселені, яғни «кінәлі-жа- зықсыз» дегенді шешкен кездегі пікірі, ештеңені білдірмейді. Ол тек қазылар алқасының заңды рәсімдерге сәйкес жұмыс істейтіндігіне көз жеткізуі керек.
ТУЫП-ӨСКЕН ӨЛКЕДЕ
ДАНИЯЛ – Ал, бізде, Қазақстанда ше?
ТАЙЫР – Біздің Қылмыстық іс жүргізу кодексі аралас түрге жа- тады. Неліктен аралас дейтін шығарсыз? Себебі бізде қылмыстық про- цестің екі кезеңі бар – сотқа дейінгі тергеу және сот талқылауы. Бірінші саты – сотқа дейінгі қарау – инквизициялық элементтерге ие…
ДАНИЯЛ – Ал, керек болса!
ТАЙЫР – Негізінде, бір-бірімізге айтқан барлық сұмдықтардан кейін де бұл сөзден қорқудың керегі жоқ. Бұл заң ғылымында қолданылатын термин ғана. Қазіргі кезде бұл азаптап жауап алу немесе мыстандар- ды аулау дегенді білдірмейді, бұл тек күдіктінің өзін-өзі қорғау қабілеті шектеулі болатын жағдай.
ДАНИЯЛ – Ал, бұл да жаман ба?
ТАЙЫР – Өзіңіз ойлап көріңіз – мен қорғаушымын және клиентім екеуміз сотқа дейінгі тергеу барысындағы қылмыстық істің барлық мате- риалдарымен таныса алмаймыз. Адамды жауап алуға апара жатыр, алай- да тергеушіде қандай дәлелдер жиналғанын білмеймін. Өзімнің жұмыс жасау әдістерімді, оның күрделі сұрақтарына жауап беру тактикамды алдын ала ойластыра алмаймын.
ДАНИЯЛ – Бірақ, осылайша тергеушіге қылмыскерден жауап алу оңайға түседі.
ТАЙЫР – Келісемін, бірақ екінші жағынан, сіз жазықсыз адамды оның сөзінен ұстап, оған тұзақ құра аласыз. Немесе қылмысқа ішінара кінәлі адамды басқа біреудің кінәсінің бір бөлігін алуға көндіру.
ДАНИЯЛ – Ия, бұл әділеттілікке жатпайды.
ТАЙЫР – Тіпті, тергеуші қанша жерден әділ болса да, процесстің ашық өтпеуі күдіктіні қиын жағдайға душар етеді. Және бұл тек сотқа дейінгі тергеу кезінде ғана. Бірақ іс сотқа жеткенде, қорғаушы тарап қылмыстық істің барлық материалдарын алады, және, жалпы алғанда, өте нақты айыптаулардан қорғанып, бізге белгілі айыптау