Скачать книгу

адамгершілікке толы уақытта өмір сүріп жатқанымызға қуанып, бірлесе отырып, орыс тіліндегі «уголовный» термині ағылшын тілінде- гі criminal (crime – қылмыс), ал неміс тіліндегі – Strafe (жаза) терминіне сәйкес келетінін еске түсірдік.Тиісінше, қазақ тіліндегі «қылмыстық» термині «қылмыс» деген сөзден шыққан. Жалпы, біз қай тілді, қай елді алып қарасақ та, қылмыстық процесс өз алдына барлық жерде бірдей мақсат қояды және бірдей функцияға ие – ол қылмысқа қарсы күрес.

      Осы жерде Даниял маған негізгі сұрағын қойды, оның жауабы – бұл бүкіл осы кітаптың мазмұны. «Негізінде, қылмыспен Геракл, Робин Гуд, тіпті біздің Алдар Көсе немесе орыс эпостарының кейіпкері Илья Муромец сияқты мифологиялық және әдеби кейіпкерлер күреседі ғой», – деді ол. Алдар Көсе арам және алдамшы байларды жазалайды, ал Илья Бұлбұл-қарақшыны ұстайды. Егер де, жаңа буын кейіпкер- лерін алып қараңыз, онда барлық «супермендер» мен «өрмекшілер», «Америка капитандары» және «мысық әйелдер» қылмыспен күресуде. Сонымен, олардың қызметін «қылмыстық процесс» немесе, кем деген- де, «қылмыстық қудалау» деп атауға бола ма?

      «Ешқандай жағдайда!» – дедім мен. «Өткен және қазіргі за- манғы ертегілердің барлық кейіпкерлерінің істері, іс жүзінде, бұл тек тергеусіз сот пен озбырлықтан басқа ештеңе емес»! Алда, біздің диалогтарымызда, түсінікті болу үшін, өзімді жәй Тайыр, ал менің сұх- баттасушымды – Даниял деп атайтын боламын.

      ДАНИЯЛ – «Бірақ олар әділеттілік үшін күресіп, қылмыскерлерді жазалайды ғой»!

      ТАЙЫР – Өткен ғасырларда бұл эпостар мен ертегілердің тыңда- ушылары мен оқырмандарына ұнаса, ал бүгінде кино көрермендеріне ұнайды. Келісемін. Алайда, бәрін жете түсініп алайық. Міне, даңқты батыр Илья келе жатып, ағашта отырған Бұлбұл-қарақшыны көреді. Со- нымен, ол не істейді?

      ДАНИЯЛ – Ол оны әділ жекпе-жекте жеңіп, қапқа салып, Киевке апарады, онда оның басын шабады. Қылмыстық жазадан несі кем?

      БҰЛБҰЛ, БҰЛБҰЛ, БҰЛБҰЛ ҚҰС…

      ТАЙЫР – Мына екі мысалды қарастырып көрейік – Илья Муромец және Алдар Көсе, алайда, ертегі емес, қазіргі заманғы құқықтық тұжы- рымдамалар тұрғысынан қарастырайық.

      ДАНИЯЛ – Келісемін, бәрі мифологиялық шындықта емес, біздің заманымызда және біздің уақытымызда болып жатыр деп көрейік.

      ТАЙЫР – Біріншіден, Ильяға Бұлбұлға шабуыл жасауға, оны қама- уға алуға, еркіне қарсы бір жерге сүйреп апаруға кім рұқсат берді? Ал, одан кейін оны жазалап, өлтіруге кім рұқсат берді?

      ДАНИЯЛ – Алайда, ол нағыз қарақшы емес пе? Қаншама жанды құрбан етті.

      ТАЙЫР – Оны кім дәлелдеді? Дәлелдер қайда, айғақтар ше? Ысқы- рды ма? Бірақ ысқыру, тіпті ең қатты және жағымсыз болса да, бұл қыл- мыс емес. Ары кетсе, қоғамдық тәртіпті бұзуға жатады.

      ДАНИЯЛ – Бірақ, сол жерде, оның ағашының айналасында адамның сүйектері шашылып жатты, ал жол болса қаңырап, арамшөптер басып кеткен және де ол Ильяны қорқытты емес пе?

      ТАЙЫР – Ол кімнің сөзінен белгілі болды? Ильяның сөзінен бе? Қисынсыз қарама-қайшылық туралы айтпай-ақ қояйын – жолды арамшөп басып кеткен, демек, оның бойымен

Скачать книгу