Жаңа кезеңдегі Еуропа және Америка елдерінің тарихы мен дипломатиясын оқытып меңгертуге негізделген бұл оқу құралы қазіргі жоғары білім беру үдерісіне сай жабдықталып, сол елдердің бүгінгі дамуының маңызды бетбұрысын айқындаған тарихи кезең мәселелерін және халықаралық қатынастарға арқау болған геосаяси-дипломатиялық мүдделерді жаңа ғылыми зерттеулер аясында дәрістеуге бағытталған.
Оқу құралы жоғары оқу орындарындағы халықаралық қатынастар, аймақтану мамандықтары бойынша білім алатын студенттер мен магистранттарға, оқытушыларға арналған.